Садақ атудан Қазақстан командасының мүшесі Денис Ганькин Токио олимпиадасындағы екінші кездесуінде жеңіліп қалды, деп хабарлады Olympic.kz сайты.
"Денис Ганькин бірінші кезеңде Египет спортшысы Юсуф Толбаны 6:4 есебімен ұтқан. Алайда екінші айналымда италиялық Мауро Несполиден 2:6 есебімен жеңілді" делінген хабарламада.
Осылайша, Ганькин үшін олимпиада аяқталды. Бұл спорт түрінен енді Қазақстан сапынан Ильфат Абдуллин мен Санжар Мұсаев сынға түседі.
Пікір қалдыру