Қазақстандық дзюдошы Дидар Хамза Токио олимпиадасын екінші айналымда аяқтады, деп хабарлады Olympic.kz сайты.
"81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Дидар Хамза жарысқа екінші айналымнан қосылды. Ол әлем чемпионы, Моңғолия дзюдошысы Саид Моллаимен кездесті. Тәжірибелі қарсылас кездесу барысында әдіс жасап, иппон ұпайын еншіледі" делінген хабарламада.
Осылайша Дидар Хамза Токио олимпиадасын алғашқы белдесумен аяқтады.
Пікір қалдыру