Токио олимпиадасында сынға түсіп жатқан қазақстандық теннисші Елена Рыбакина ширек финалға жолдама алды, деп хабарлады Sports.kz.
Үшінші айналымда Рыбакина хорватиялық Донна Векичпен кездесіп, оны екі сетте 7:6, 6:4 есебімен жеңді. Осылайша, Рыбакина ширек финалға өтіп, испаниялық Гарбинье Мугурусамен кездеседі.
Бұған дейін турнир барысында Елена Рыбакина аустралиялық Саманта Стосурды (6:4, 6:2) және швед Ребекка Петерсонды (6:2, 6:3) жеңген болатын.
Токио олимпиадасында Қазақстан атынан Әйелдер арасында жекелей сайыста Зарина Дияс, Ярослава Шведова және Юлия Путинцева өнер көрсетті. Бірақ олардың барлығы бірінші раундта жарақаттарына байланысты ойыннан шеттетілді.
Пікір қалдыру