Бүгін коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК отырысында Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Қарағанды қалаларында карантин шараларын күшейту туралы шешім қабылданды.
Бұл аймақтарда 2 тамыздан бастап төмендегідей шектеу шаралары күшіне енеді:
- орталық мемлекеттік органдарды, әкімдіктерді, құқық қорғау органдарын, денсаулық сақтау ұйымдарын, БАҚ-ты, азық-түлік дүкендерін, дәріханаларды және тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарын қоспағанда, "Ashyq" жобасына қатыспайтын барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін тоқтата тұру;
- ойын-сауық, спорттық, отбасылық, естелік және өзге де бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу;
- мемлекеттік органдар, кеңселер, ұлттық компаниялар мен өзге де ұйымдар қызметкерлерінің 80%-ын қашықтан жұмыс тәртібіне ауыстыру (вакцина салдырғандарды және соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылғандарды қоспағанда).
Сондай-ақ Ақмола, Алматы, Қарағанды облыстарының әкімдіктеріне Нұр-Сұлтан (Бурабай, Целиноград, Аршалы аудандары), Алматы (Қарасай, Талғар, Іле, Еңбекшіқазақ аудандары), Шымкент (Сайрам, Төлеби аудандары), Қарағанды қалаларымен (Теміртау, Шахтинск, Абай) шекаралас аудандарда карантин шараларын күшейту бойынша шаралар қабылдау ұсынылды.
Өңірлердің әкімдіктеріне шектеулер енгізу және олардың сақталуын бақылау бойынша барлық шараларды қабылдау тапсырылды.
Сондай-ақ бас мемлекеттік санитар дәрігердің 2021 жылғы 14 шілдедегі №32 қаулысына сәйкес 10 тамызға дейінгі мерзімде қызмет көрсету саласының барлық қызметкерлері КОВИД-19 вакцинасының бірінші компонентін салдыруға тиіс.
Пікір қалдыру