Нұр-Сұлтан қаласындағы инфекциялық стационарларда науқастар көбейген, әрбір екінші науқасқа оттегі концентраторы қажет.
Қала әкімшілігінің хабарлауынша, ковидтік ауруханаларда өздігінен демалуға әлі жоқ 40 адам өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. Тек өткен тәулікте ғана инфекциялық стационарларға 178 адам жатқызылған. Төсектер бірден толып жатыр. Әрбір екінші науқасқа оттегі концентраторы қажет, олар инвазивті емес желдетуде жатыр. Ал жағдайы тым нашарлар өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
Дәрігерлер жағдайы ауыр науқастардың басым бөлігі екпе алмаған, онымен қоса санитарлық талаптарды елемей, салтанатты іс-шараларға қатысқан немесе ұйымдастырған азаматтар екенін айтады.
2 тамыздағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласының инфекциялық стационарларында 2903 науқас жатыр. Реанимацияда 260 адам, 40 пациент ӨЖЖ аппаратына қосылған.
Пікір қалдыру