Қазақстандық "Тұран" футбол клубы белгілі спортшы Лионель Мессиге ұсыныс жасап, оны Түркістан қаласына келуге шақырған. Бұл туралы футбол клубының әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.
"Лео Месси, сізді түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістанға шақырамыз" делінген жазбада.
Еске сала кетнйік, жақын күндері Лионель Месси "Барселона" командасынан кеткенін мәлімдеген. Оған команда мен спортшы арасындағы экономикалық ережелер мен шектеулер себеп болған.
Пікір қалдыру