БҚО-да жол апатынан 35 жастағы әйел қайтыс болды

/image/2021/08/06/crop-56_26_488x651_7064134d2c689c25171e3674223dbb72.jpeg

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің Құрылыс және сәулет бөлімінде жұмыс істеген 35 жастағы қызметкер Жұлдыз Ахмерова жол апатынан көз жұмды. Бұл туралы өңірдің полиция департаменті хабарлады.

Қайғылы оқиға 4 тамыз Орал-Шыңғырлау тасжолында болған. Салдарынан "Нива" автокөлігінің жолаушысы оқиға орнында қайтыс болған. Ал көлік жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

Қазір аталған іс бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы (жол қозғалысы ережелерін бұзу немесе көлік құралдарын басқаратын адамдардың көлік құралдарын пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Аудан әкімдігінің хабарлауынша, бөлім мамандары қызмет машинасымен Ақшат ауылына бара жатқан. Ол Шыңғырлаудан 72 шақырым жерде орналасқан. Тұрғындардың өтініштері бойынша учаскелерді өлшеу қажет болды. Рөлде көлік жүргізуден тәжірибесі көп бас маман отырған. Белгісіз себептермен көлік аударылып кеткен. Осылайша 35 жастағы әйел оқиға орнында қайтыс болған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар