Елде қайтыс болғандар саны 5 мыңға артып, жерлеу рәсімінің қызметі қымбаттаған

/image/2021/08/06/crop-233_9_524x698_0254.jpg

Қазақстанда 2021 жылдың қаңтар-наурыз айларында 802,9 млн теңгеге сай қызметтер көрсетілген. Бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 82,2% көп, деп хабарлады Finprom.kz сайты. 

2019 жылдың қаңтар-наурыз айларында қызмет көлемі 2,5 млрд теңгеге жеткен. Кісі өлімі бойынша ең жоғары көрсеткіш осыдан 9 жыл бұрын тіркелген. 
 
2012 жылы көз жұмғандар саны – 37 мың;
2020 жылы – 31,2 мың;
2021 жылы – 36,1 мың. 

Елде Covid-19-дан көз жұмғандар саны өсіп келеді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше:

2021 жылдың 3 тамызына дейін коронавирустан 6 277 адам;

2020 жылдың 1 тамызынан бастап 2021 жылдың 2 тамызына дейін пневмониядан 3 781 адам көз жұмды.

Джон Хопкинс университетінің мәліметінше, Қазақстанда 4 тамызға дейін коронавирустан 9 077 адам қайтыс болған. Антирейтинг тізімінде Қазақстан 195 елдің, 50-ші орында тұр. 

Covid-19-дан ең көп өлім келесі мемлекеттерде тіркелді:

АҚШ – 614,3 мың адам;

Бразилия – 558,4 мың адам;

Үндістан – 425,8 мың адам.

Ресей  – 159 мың адам;

Украина 18-орында – 55,7 мың адам;

Қырғызстан – 2,4 мың адам;

Өзбекстан – 901 адам. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар