Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әліппе оқулығы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енетінін хабарлады. Бұл туралы ол министрліктің аппарат жиналысында айтты.
– Осы салтанатты шарада (1 қыркүйекте-ред) алғаш мектеп табалдырығын аттап жатқан 1-сынып оқушыларына әліппені ұстатуымыз керек. Бұл – өте жақсы дәстүр. Әліппе – баланың ең алғашқы оқулығы. Сондықтан былтыр айтқандай, әліппені дайындадық. Жалпы әліппе дайын. Өңірлерге жеткізіліп жатыр, – деді министр.
Аймағамбетов "Әліппе" мен "Букварь" дайындалып, ана тілі бойынша да дайындық жұмыстары жүргізілгенін атап өтті.Министр атағандай, әліппеде барлық оқу мақсаты сақталды. Сондықтан әдістемелік жағынан баланың жас ерекшелігіне сәйкес жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Пікір қалдыру