Биылғы жылдың 1 шілдесінде қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Шапағат» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы жанынан «Ten qogam» әлеуметтік кеңес беру секторы ашылған болатын. Осы уақыт аралығында орталық қызметкерлері 1683 мүмкіндігі шектеулі азаматқа түрлі қызмет көрсеткен.
Атап айтқанда, орталық мамандары әлеуметтік қызметтер порталы арқылы көрсетілетін қызмет түрлеріне көмек беру, мүгедектігі бар қызметкерлерді жұмысқа қабылдау бойынша кеңестер беру, санаторий-курорттық емделуге жолдама алу, «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға құжаттар тапсыру, жекелей сүйемелдеу және т.б. қызметтер бойынша көмек көрсеткен.
Айта кетсек, Шымкент қаласы бойынша мүмкіндігі шектеулі жандар саны – 36 919. Оның ішінде, I топ – 3326 адам, II топ – 14 846 адам, III топ – 12 287 адам, 16 жасқа дейінгі балалар – 6460 адам тіркелген.
Пікір қалдыру