Ақтөбе облысында жол апатынан 1 адам көз жұмды. Бұл тұралы облыстың полиция департаменті хабарлады.
Қайғылы оқиға Покровка-Жаңажол тас жолында болған. 45 жастағы "Toyota Land Cruiser" автокөлігінің жүргізушісі Темір қаласының маңындағы Покровка-Жаңажол автожолының 21 шақырымында рөлді басқара алмай, көлік құралының қозғалысы барысында оң жаққа аударылып кеткен.
Салдарынан автокөлік жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды. Ал 46 жастағы жолаушы Кеңқияқ ауылдық ауруханасына жеткізілген.
Қазір қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі (абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол көлік ережесін бұзу) бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Пікір қалдыру