Әлеуметтік желілерде адамдардың Ауғанстан астанасы Кабулдан ұшып бара жатқан ұшақтан құлаған видеосы жарияланды.
Бейресми ақпараттарда бұл адамдар Кабулдан кеткісі келетін ретінде болжанады. Әзірге ұшақтан құлаған адамдардың нақты саны белгісіз.
"Ұшаққа жасырынып мінген екі адамның жерге құлап түскен видеосы әлеуметтік желілерде тарала бастады" делінген жергілікті Shamshad News телеарнасы таратқан ақпаратта.
Бұған дейін АҚШ әскери күштері Кабул әуежайында ауғандықтарға оқ жаудырып, бірнеше адам қайтыс болғаны хабарланған. Кейіннен АҚШ әскери күштері оқты Ауғанстан астанасы әуежайының ұшу жолағында көп адам жиналғандықтан ескертпе түрінде атқаны айтылды.
Exclusive - The video shows a flight from #Kabul airport where two people are thrown from a plane into the the people's homes.#Afghanistan #Taliban pic.twitter.com/GlSgjNApJj
— Aśvaka - آسواکا News Agency (@AsvakaNews) August 16, 2021
Not a scene of Hollywood, it’s Just #Kabul air port, people want to run away, after the Capture of Kabul by the #Talibans #Afghanistan
— Aśvaka - آسواکا News Agency (@AsvakaNews) August 16, 2021
By: @Mukhtarwafayee pic.twitter.com/ZLYieJm9mX
Exclusive - The video shows a flight from #Kabul airport where two people are thrown from a plane into the the people's homes.#Afghanistan #Taliban pic.twitter.com/GlSgjNApJj
— Aśvaka - آسواکا News Agency (@AsvakaNews) August 16, 2021
15 тамыз күні Талибан қозғалысының содырлары Ауғанстан астанасы Кабулға кіріп, президент сарайын басып алған. Олар іс жүзінде Ауғанстан Ислам Әмірлігінің құрылғанын жариялап, елдегі билікті басып алды.
Reuters ақпарат агенттігі Ауғанстан президенті Ашраф Ғани тәліптер Кабулға кіргеннен кейін Кабул әуежайынан өз елін тастап кеткенін мәлімдеген.
Талибан – Ауғанстандағы билікті басып алған діни экстремистік ұйым. Оған Қазақстанда, Ресейде және басқа да бірқатар елде тыйым салынған.
Пікір қалдыру