Ресейде Ил-112В ұшағы апатқа ұшырады. Бортағы барлық адам мерт болды (видео)

/image/2021/08/17/crop-60_64_523x929_w1056h594fill.jpeg

Мәскеу облысында ресейлік Ил-112В әскери-көлік ұшағы апатқа ұшырап, 3 экипаж мүшесі қаза тапты, деп жазады dw.com басылымы.

Экипажды Ресейге еңбегі сіңген сынақты-ұшқыш Николай Куимов басқарған.

Ұшақтың апатқа ұшыраған сәті кездейсоқ видеоға түсіп қалған. Видеодан ұшақтың оң жақ қозғалтқышы өртеніп, борттың еңкейік барып орманға құлағанын көруге болады.

ТАСС агенттігі ұшақ толықтай өртеніп кеткенін хабарлады. 

"База" telegram-каналы ұшақтың оң жақ қозғалтқышында бұған дейін де ақау байқалғаны туралы жазды. 2019 жылы жердегі сынақ кезінде қозғалтқыш істен шықса, келесіде тесттік ұшу кезінде қозғалтқыштардың бірі автоматты басқару жүйесінен гидромеханикалық басқару жүйесіне ауысып кеткен. Конструктор мұны ұсақ ақауға жатқызып, керісінше "резервтік жүйенің әзірлігін көрсетті" деп атап өткен.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар