Қала тұрғындарының табиғатты аялап, тазалыққа деген жауапкершілігін арттыру мақсатында Әл-Фараби ауданы аумағында қанатты сөздер жазылған арнайы тақтайшалар орнатылды. Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев, аудан әкімдігі мамандары және қала еріктілері бірлесе табиғатты қорғауға шақыратын тақтайшаларды саябақтар мен гүлзарларға, көпқабатты үй аулаларына орнатты.
Басты мақсат - табиғат құндылықтарын сақтап, тұрғындарға қоршаған ортаға жанашырлық таныту керектігі туралы жақсы көзқарас қалыптастыру. Адамдар сонда ғана туған өңір табиғатын қорғауда белсенділік көрсетеді. Тазалықты әр азамат өзінен бастаса сүбелі нәтижеге қол жеткіземіз.
Аталған лозунгтар шымкенттіктердің өмір сүру сапасы мен денсаулығын жақсартуға септігін тигізеді. Қаланың бет-бейнесі - тазалықта. Қоршаған ортаны таза ұстау, өз туған жерінің тазалығына үлес қосу әрбір тұрғынның міндеті.
Пікір қалдыру