Алматы облысында жол апатынан 2 адам көз жұмды, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Оқиға 17 тамыз күні сағат 22.00-де Алматы-Өскемен автожолында болған. "Toyota Camry" жүргізушісі жолдың 46-шы шақырымында келе жатқанда сол жақ дөңгелегі машина кескішпен соқтығысып, 90 градусқа қатты жылдамдықпен бұрылып, сол жағында келе жатқан "Hyundai Accent" автомобилімен соқтығысқан.
Салдарынан "Toyota Camry" жүргізушісі мен оның жолаушысы көз жұмды. Көліктің тағы бір жолаушысы Өтеген батыр кентіндегі ауруханаға жарақатпен жеткізілген.
Аталған оқиғаға байланысты қылмыстық кодекстің 345-бабы (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Пікір қалдыру