Ұлыбритания 20 мыңға жуық ауған босқынын қабылдайтынын мәлімдеді

/image/2021/08/18/crop-4_4_493x753_2021-08-17t211656z_1456452353_rc297p9q52mf_rtrmadp_3_afghanistan-conflict-britai

Ұлыбритания әйелдерге, қыздарға, діни және басқа да азшылықтарға басымдық беретін жаңа қоныс аудару бағдарламасы бойынша 20 мыңға жуық ауғандықты қабылдайтынын мәлімдеді.

Таймс газеті "адам құқықтарын бұзу және Талибан тарапынан адамгершілікке жатпайтын қауіптер төнген адамдарға" бағытталған арнайы схема арқылы Ұлыбритания босқындарға қауіпсіз және заңды жол ұсынатынын хабарлады. Ұлыбританияға бірінші жылы шамамен 5000 адам келеді деп күтілуде.

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон соңғы 20 жыл ішінде Ауғанстанды жақсарту үшін әріптес болып жұмыс істегендердің барлығына ризашылық білдірді. Сондай-ақ ол әсіресе әйелдер қазір көмекке аса зәру екенін айтты.

Ағылшын парламенті сәрсенбіде Ауғанстандағы жағдайды талқыламақ.

Ұлыбритания ішкі істер министрі Прити Пател "Ұлт ретінде біз Ауғанстаннан қашып бара жатқан ең осал топтарға қолдау көрсету үшін қолдан келгеннің барлығын жасайтындығымызға сенімдімін" деді.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар