Сирия қарулы күші Стив Джобстың үйін неге бұзбады?

/uploads/thumbnail/20170708194750713_small.jpg

Хомс қаласындағы ғимараттардың 60% Башар Асадтың әскери күштерінен қиратылғанымен,  алайда «Apple» компаниясының экс-басшысы Стив Джобстың үйінің мұрты да бұзылмаған.

Айта кетейік, жуырда швецариялық кәсіпкер Дэвид Галбрайт өзінің Twitter парақшасына Apple корпорациясының негізін қалаушы Стив Джобстың әкесі сириялық босқын екендігін растайтын дерек жариялаған болатын. Бұл туралы «Қамшы» порталы ummet.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Джобстың әкесі Абдел Фаттах әл-Джандали үйі орналасқан аудан қаланың басым бөлігі бұзылған кезде де аман қалды, деп жазады «Заман аль-васль» сириялық басылымы.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, Джобстың үйі ерекше қорғаудағы аймақта болғандықтан қарулы күш айналып өткен көрінеді. Бұл аймақта сондай-ақ әскери қауіпсіздік құрылымы да орналасқан. Сол себепті бұл аудан бомбылауға ұшырамаған.

Еске сала кетсек, Сирия әскери күші елдегі оппозиция күштерінің тұрғын үй аудандарын бомбалап, аймақты қадағалауда ұстауда. Ал, Amnesty International халықаралық құқыққорғау ұйымы мемлекеттік әскердің бұл әрекеттерін адамзатқа қарсы жасалған қылмыс деп бағалады.

Қатысты Мақалалар