Жамбыл облысының бас санитар дәрігерінің орынбасары Н. Муликова карантин туралы №11 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізді.
Қаулыға сәйкес, ашық аттракциондар жексенбіден басқа күндері жұмыс уақытысын шектей отырып, сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істейді.
"Ashyq" көшбасшылары мәртебесін алған жобаға қатысушыға мынадай жеңілдіктер беріледі:
-
"Қызыл" аймақтағы жобаға қатысушылар "сары" аймақтың талаптары бойынша жұмыс істейді;
-
Тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды, соңғы 3 ай ішінде ауырып сауыққан адамдарды қоспағанда, жұмыскерлердің (персоналдың) кемінде 90%-ы бірінші компонентпен вакцинациялау кезінде, объектінің толтырылуы 20%-ға артады.
Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Пікір қалдыру