АҚШ Кабул әуежайынан тағы 3 мыңға жуық адамды эвакуациялады, 14 тамыздан бері АҚШ Ауғанстаннан эвакуциялағандар саны 9 мыңға жетті, деп жазады Аljazeera басылымы.
БҰҰ-ның қауіпті бағалау есебінде Талибан әскері АҚШ және НАТО-мен жұмыс істеген адамдардың үйін аралап, осы арқылы кек алу қорқынышын тудырып жатқаны жазылған.
Әл-Жазира басылымының Кабулдағы тілшісі Роб Макбрайд елде Ауғанстанды тастап кетуге итермелейтіндей қысым күшейе түскенін, бірақ Кабул әуежайына жету қиындағанын айтқан.
– Тәліптер адам нөпірін шектеу үшін әуежайға барар жолды бөгеп тастады. Әзірге америкалық әскерилер эвокуациялауды жалғастырып жатыр, – деді ол.
Осы аралықта Amnesty International құқыққорғау тобы тәліптерді өткен айда өздері басып алған Газни қаласында 9 этникалық хазарды өлтірді деп айыптады.
Пікір қалдыру