Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту, балаларға спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласы Абай ауданында заманауи ашық спорт алаңшасы ел игілігіне берілді.
Самал 3 шағын ауданы Ізгілік және Юсупов көшесінің қиылысында орналасқан көп функционалды спорт алаңшасының ашылу рәсіміне Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қатысты. Қала басшысы бұқаралық спортты дамытудың негізінде сау әрі саналы ұрпақты, мықты ұлтты қалыптастыратынымызды айтып өтті. Сонымен бірге барша қала тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
Спорт алаңша жеке кәсіпкер «Eurasian Resources Group» ЖШС-нің жеке қоры демеушілігі есебінен салынды. Қаржы көлемі – 14,5 млн теңге. Құрылысын жүргізген мердігер мекеме «Ферротекс» ЖШС-гі. Жалпы ауданы 324 шаршы метрді құрайтын бұл нысанда спорттық жабдықтармен және дене шынықтыруға арналған қондырғылармен жабдықталған. Мұнда спорттың волейбол, баскетбол футбол түрімен және стрит воркаутпен айналысуға болады.
Бұхарбай Парманов, Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі
– Өзіңіздің тұрғындардың бұқаралық спортпен айналысуы мен қолайлы өмір сүруіне жағдай жасау туралы берген тапсырмаңызға сәйкес осы жылы балалар және спорт алаңшаларын орнату жұмыстарына 1 млрд 389 млн.теңге қаржы бөлінді. Бұл қаржылар 21 көпқабатты тұрғын үй аулаларын абаттандыруға, 12 спорт алаңшаларын ағымдағы жөндеуге, 35 спорт алаңшаларын орнатуға жұмсалады.
Бұқаралық спортты дамыту бойынша атқарылған жұмыстар жайын айтып өткен аудан әкімі Б.Парманов 2014 жылдан бері ауданда жалпы 222 аула абаттандырылып, 58 спорт алаңшасы салынғанын жеткізді. Сонымен қатар, Шымкент қаласы Еңбекші ауданында демеуші есебінен салынған жаңа спорт алаңшасы пайдалануға берілді.
Жеке кәсіпкер «Eurasian Resources Group» ЖШС–нің жеке қоры есебінен салынған тағы бір спорт алаңшасы Еңбекші ауданында ашылды. Қарабастау тұрғын алабындағы пайдалануға берілген көп функционалды спорт алаңшасының ашылу рәсіміне Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қатысты.
Спорт алаңша жеке кәсіпкер «Eurasian Resources Group» ЖШС-нің жеке қоры демеушілігі есебінен салынды. Қаржы көлемі – 13 млн теңге. Құрылысын жүргізген мердігер мекеме «Ферротекс» ЖШС-гі. Жалпы ауданы 324 шаршы метрді құрайтын бұл нысанда спорттық жабдықтармен және дене шынықтыруға арналған қондырғылармен жабдықталған. Мұнда спорттың волейбол, баскетбол футбол түрімен және стрит воркаутпен айналысуға болады.
Спорт алаңшасын таныстыру барысында аудан әкімі Д.Есілбек 2011-2020 жылдар аралығында аудан аумағында 85 алаңша құрылғанын және осы жылы 15 спорт алаңшасын құру жоспарланып жатқанын баяндады.
Айта кетейік, Қарабастау тұрғын алабында 8932 халық тұрады. Оның ішінде жалпы балалар саны 3370.
Пікір қалдыру