Шымкентте жаңа оқу жылына дайындық қалай?

/image/2021/08/23/crop-133_63_748x997_105305669400.jpg

Шымкент қаласында жаңа оқу жылында білім беру ұйымдары 17-ге артып, 785-ке жетті. Білім мекемелерінде 2021-2022 оқу жылы 350 мыңға жуық білім алушылармен басталғалы отыр. Балалар саны өткен жылмен салыстырғанда 8 мыңға атрқан. Ал, 1 сыныпқа 25 005 бала қабылданған.

Бұл туралы білім басқармасының басшысы Жанат Тажиева ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте мәлімдеді. Басқарма басшысы аталған білім мекемелерінің 526-сы балабақша, 203-і мектеп, қалған 32-сі колледж болып табылатынын толықтырып өтті.

1-қыркүйектен бастап дәстүрлі форматта оқыту жоспарлануда. Мектеп формасына қойылатын талаптар сақталады, бұл ретте мектепке классикалық стильдегі ыңғайлы киіммен келуге де рұқсат етіледі. Білім қоры арқылы мектеп формасына бір реттік қаржылай көмек қаладағы 57 466 балаға беріледі. 30 мың теңге көлеміндегі қаржы атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы балаларына, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен көп балалы отбасыға және басқа санаттағы балаларға берілетін болады.

Айта кету керек, Шымкент қаласының білім ұйымдары 100 пайыз Ashyq жобасына қосылды. Санитарлық-эпидемиологиялық шаралар жайын баяндаған бас мұғалім қаладағы білім мекемелері дәстүрлі форматта оқытуға дайын екеніне ерекше тоқталып өтті.

Білім ұйымдарында күнделікті термометрия, кварцтау, желдету, дезинфекция және маска режимі сақталады. Білім басқармасына қарасты 785 білім ұйымдары «Ashyq» жобасына 100% қосылды. Педагогтер мен техникалық персоналдар 100% вакциналанды. Медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда. Білім беру ұйымдарына бөгде адамдарға кіруге тыйым салынады. Бір сынып - бір кабинет талаптары сақталады.
Айта кетейік, егер білім алушы ауырған жағдайда сынып қашықтықтан оқытуға жіберіледі. Науқас және байланыста болған ата-аналар жағдайында балалар қашықтықтан білім алады.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар