Шымкент қаласында биылғы жылы 12 714 орынға арналған 23 мектеп пайдалануға тапсырылады. Оның ішінде 19 жаңа мектеп қыркүйек айында оқушыларға есігін ашады.
Пайдалануға берілетін білім мекемелерінің төртеуі мемлекеттік, 19-ы жекеменшік. Нәтижесінде, апатты мектеп мәселесі толығымен жойылып, үш ауысымды мектептер саны 14-тен 9-ға, мектебі жоқ елдімекендер 13-тен 11-ге және ыңғайластырылған ғимараттағы мектептер саны 5-тен 4-ке төмендейді екен.
2021-2025 жылдар аралығында сапалы білім беруге жағдай жасау мақсатында 72 мектеп құрылысы жүргізілетін болады. Ал, күрделі жөндеу 4 нысанда жүргізілуде және 28 мектептің ауласына спорт алаңдары орнатылуда. Қысымдау жұмыстары 258 мемлекеттік білім ұйымдарында 100% аяқталды
Пікір қалдыру