Дүниенің төтр бұрышынан жиналған қажылық ниетіндегі миллиондаған мұсылмандар бүгін Арафат тауының бөктерінде қасиетті күнді құлшылықпен өткізді.Арафатта тұру - қажылық парыздарының бірі. Үлкен қажылықтың құрамындағы бұл ғибадат түрі, шариғат бойынша, құрбан айттан бір күн бұрын орындалуы тиіс. Арафатта тұрамаған кісі үлкен қажылық жасаған болып есептелмейді. Әлем қажылары қатарында отандастарымыз да күндерін Арафатта тұрып құлшылық жасаумен өткізді. "Нұр - Қазақстан " қажылық компаниясы арқылы келген қажылар да, күн қызғанға дейін Арафат тауына жетіп, бесін мен екінті намазын қосып оқығаннан кейін, имамдар мен компания жетекшілері Құран хатым жасап, уағыз - нәсихат айтты. Бұдан кейін, қажыларымыз дұға тілектерін жасап күн батқанға дейін Арафатта тұрды.
Оразбек Сапархан, Арнайы qamshy.kz порталы үшін Меккеден.