Қ. Көшербаев: Қазақстан теңгеден бас тартып, ортақ валюта енгізбейді

/uploads/thumbnail/20170708194800843_small.jpg

Жақында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде студенттерге «Халықаралық валюта жүйесінің қалыптасуы мен дамуы» тақырыбында дәріс оқыған. Онда әкім мырза «Тәуелсіздікті бәрінен де биік қоятын біз үшін төл теңгеден бас тарту мүмкін емес қадам» деген. Бұл туралы «Қамшы» порталы nur.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Қызылорда облысының әкімі, саясат ғылымдарының докторы Қырымбек Елеуұлы Көшербаев мырза студенттердің алдында оқыған дәрісінде жаһандық саясаттағы орын алып жатқан оқиғаларды сараптай келе, халықаралық вальютаның еліміздің экономикасына әсеріне кеңінен тоқталған.

«Әлемдік валюта жүйесінің қазіргі жағдайы мен оның болашағы дүние жүзінде ең қызу талқыланып жатқан мәселелердің бірі. Көп мамандардың пікірінше, алдағы уақытта валюта жүйесі түбегейлі түрде өзгеруі мүмкін. Басты қағидалары мен ережелері XX ғасырдың ортасында қалыптасқан және АҚШ долларына негізделген қазіргі әлемдік валюта жүйесі осы күнгі әлем экономикасындағы күштердің ара-салмағын ескермейді», – деді Көшербаев.

«Әлем экономикасының тарихына көз салсақ, құлдырау, өрлеу болып отырған. Сондықтан бұл қиыншылық та өтпелі кезең. Тәуелсіздіктің бастауында Қазақстанның қысқа уақытта осындай жетістіктерге жетуі, Астананың қазіргідей қалаға айналуы бізге мүмкін емес болып көрінген. Теңгенің де әлемдік валюталар қатарынан орын алуы қазір мүмкін емес болып көрінеді. Бірақ, арманы асқақ, мұраты биік елдер ғана алға басады. Сол армандарымызды ақиқатқа айналдырар азаматтардың осы залда отырғанына мен сенемін», – деді облыс әкімі.

 Нұрзат Тоғжан

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар