Қазақстандық шекарашылар 21 тонна контрабанданың жолын қиды

/uploads/thumbnail/20170708194801306_small.jpg

Жақында Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында орналасқан «Оазис»  жасағында (застава) қазақстандық шекарашыллар 21 тонна контрабанданың жолын қиды. Бұл туралы «Қамшы» порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік  шекарасы маңынан 4-шақырым жерде «КамАЗ-5320» жүк көлігі қосымша тиемесімен бірге ұсталған. Бұл туралы ҚР ҰҚҚ ШҚ мәлімдеген.

Тексеру кезінде анықталғандай, Өзбекстаннан Қазақстанға бағыт алған жүк көлігінде контрабандалық  жүк тиелген. Атап айтар болсақ,  әккілер 600 қап артемия, шаян т.б. тауарлар заңсыз алып өтпек болған. Жалпы көлемі 21 тоннадан асатын тауардың құны 84 миллион теңгені құраған.

 

 «Қамшы» сілтейді



 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар