Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Сауд Арабиясында орналасқан Мекке маңындағы Мина жазығында орын алған қайғылы оқиғада қаза тапқандардың арасында қазақстандық қажылар болған жоқ. Бұл туралы «Қамшы» порталы хабарлайды.
Аталмыш оқиғаға байланысты Сауд Арабия билігі қайғылы оқиғаның себеп-салдарын анықтауға арнайы жоғарғы кеңес құрған. Айта кетейік, кеше қасиетті Мекке маңындағы Мина жазығында әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған 717 қажы қаза тапқан болатын. Әзірге белгілі болғандай, қаза тапқандар шайтан қабырғасына тас лақтыру барысындағы қарбаласта адамдардың аяқ астына тапталып қалған.
Ал Сауд Арабиясы Корольі Сальман бен Абдель Азиз Аль Сауд қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты.
Пікір қалдыру