Павлодарлық депутат мас күйінде көлік жүргізген

/uploads/thumbnail/20170708194802446_small.jpg

Жақында Павлодар қалалық мәслихатының депутаты Петр Вырвинский мас күйінде көлік жүргізгендігі мәлім болды. Бұл туралы «Қамшы» порталы Тengrinews.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды. Бұл туралы Павлодар қалалық әкімшілік соты жеткізген.

Сот өкілдерінің мәліметінше, ер адам қаланың орталық көшелерінің бірінде тоқтатылған. Мас күйінде көлік жүргізгені үшін халық қалаулысына қатысты әкімшілік хаттама толтырылған. Депутат Вырвинскийдің қан құрамында алкогольдің бар екендігі медициналық куәландыру арқылы расталды. "Соттың қаулысына сәйкес, Петр Вырвинский "Көлік құралын мас күйінде жүргізу" бабы бойынша құқықбұзушылықты жасады деп танылып, көлік жүргізу куәлігінен үш жыл мерзімге айырылды", - делінген Павлодардың әкімшілік сотындағылар.

Айта кетейік, 53 жастағы депутат азаматтардың құқығы мен заңдылығын сақтау бойынша қалалық мәслихаттың комиссиясына мүше болған.

«Қамшы» сілтейді

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар