Коронавирустың пайда болуын зерттеген АҚШ барлаушылары Байденге құпия құжат тапсырды

/image/2021/08/25/crop-5_45_376x669_imrs.webp

АҚШ президенті Джо Байденге коронавирустың пайда болуына байланысты барлау қызметінің құпия есебі тапсырылды, деп жазады Washingtonpost  басылымы.

Басылым мәліметінше, барлаушылар Covid-19-дың пайда болуына байланысты ешқандай қорытындыға келе алмаған. Құжатта "коронавирус адамға табиғи жолмен жануардан жұқты" және "вирус Қытайдағы зертханадан таралып кеткен" делінген танымал екі нұсқаны растайтын да, терістейтін де дерек айтылмаған.

Washingtonpost ресми тұлғалар жуық аралықта барлау қауымдастығы есептің кей элементтерін жариялайтынын хабарлағанын жазды.

Есеп 90 күнге созылған зерттеу нәтижесі бойынша әзірленген. Мамыр айында Байден арнайы қызмет өкілдеріне вирустың шығуна байланысты толыққанды пікірге жақындатуға мүмкіндік беретін есеп дайындауды тапсырған. Алайда көптеген барлау деректеріне сараптама жасалғанына, жаңа айғақтар іздестірілгеніне қарамастан, барлау қызметі ортақ пікірге келе алмаған.

Вирустың пайда болуы төңірегіндегі дау былтыр АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың "вирус қытай зертханасында жасалған" деген сөзінен кейін өрши түскен.

Көптеген ғалымдар 90 күндік зерттеу вирустың шығу төркінін анықтауға жол ашатынына күмәнмен қараса, кей ғалымдар тергеу бірнеше жылдық зерттеуді қажет етуі мүмкін екенін айтады.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар