Тәліптер Ауғанстаннан доллар шығаруға, вакцина салдыруға тыйым салды

/image/2021/08/25/crop-46_5_154x205_74777.jpg

Тәліптер доллар мен көне бұйымдарды Ауғанстанға әкелуге және Ауғанстаннан әкетуге тыйым салды. Заңды бұзғандар қатаң жазаланбақ. Бұл туралы "Ауғанстан" Ислам әмірлігінің Twitter парақшасында хабарланды . 

"Біз барлық азаматтарға құрлық және әуе арқылы қандай да бір сылтаумен доллар мен антиквараттарды заңсыз алып өтуге немесе оларды елден шығаруға қатаң тыйым салынғанын хабарлаймыз. Егер бұл заттар біреудің қолынан табылса, олар бірден тәркіленеді, ал олардың иелері заң бойынша жазаланады" делінген хабарламада. 

Бұған дейін таліптер музыка тыңдауға және оны орындауға тыйым салған. Әйелдерді радиостанциялар арқылы жұмысқа шақыруға болмайды. Сонымен қатар, коронавирусқа қарсы вакцинацияға да шектеу қойған. 

Соңғы рет Талибан Кабулды 1996 жылы басып алған болатын. Олар сол кезде елде музыкаға, сурет салуға, интернетке, компьютер мен теледидарға тыйым салатын шариғат заңын енгізген.

Әйелдерге қоғамдық орындарда бетін ашып жүруге, жұмыс істеуге және көшеге шығуға еркектерге сақалын қыруға тыйым салған болатын. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар