"Қауіпті жұмыс". Тәліптер Түркиядан көмек сұрады

/image/2021/08/26/crop-20_8_429x762_photo_295929.jpg

Тәліптер шетелдік әскер кеткеннен кейін Кабул әуежайын басқаруға қолдау көрсету үшін Түркиядан көмек сұрады. Сондай-ақ 31 тамызға дейін түрік әскерін елден шығаруды  талап етті.  Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Түрік шенеуніктерінің (қауіпсіздік мақсатында шенеунік аты-жөні аталмайды - Reuters) айтуынша, бұл жағдай оларды тығырыққа тіреген. Түркия соңғы екі апта ішінде эвакуация жұмыстарына қатысып, НАТО-ның Ауғанстандағы миссиясын орындауға атсалысқан. Түркияның әлі күнге дейін Кабул әуежайында жүздеген әскері бар.

– "Талибан" Кабул әуежайын басқаруда техникалық қолдау сұрады. Түрік қарулы күштерінсіз әуежайдағы жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қауіпті жұмыс, – деді Түркияның жоғары лауазымды қызметкері.

"Талибан" қозғалысының барлық түрік әскері елден кетсін деген талабы кез келген миссияны қиындатып отыр. Бұл мәселе бойынша Талибанмен келіссөздер жалғасып жатқанын айтқан түрік шенеунігі әскерді шығаруға дайындық аяқталғанын мәлімдеді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар