"Жасыл" статусы жоқтар қайда кіре алады?

/image/2021/08/28/1212.png

Нұр-Сұлтан қаласы бас санитар дәрігерінің орынбасары Жанна Пірәлиева Ashyq қосымшасында "жасыл" статусы бар адамдарға демалыс күндері қайда кіруге рұқсат етілетінін айтты. 

– Облысаралық, облысішілік тұрақты тасымалға, қонақ үйлерге, мейманханаларға, әуежайларға, теміржол вокзалдарына, жоғары оқу орындарына, білім беру мекемелеріне, колледждерге, интернаттар мен білім беру ұйымдарының жатақханаларына "жасыл" статус болуы керек деген талап қойылмайды, – деді Жанна Пірәлиева. 

Бұған дейін Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойған. Оған сай демалыс күндері тек Ashyq қосымшасына қосылған дәмханалар мен сауда ойын-сауық орталықтарына "жасыл" статусы бар азаматтар ғана кіргізілетіні айтылған. 

Ashyq қосымшасында "Жасыл" статус вакцина салдырғандарда шығады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар