Ақтау қаласында Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында және Конституция күніне орай 18 шағынауданда орналасқан 4 тұрғын үй пайдалануға берілді. 180 пәтерден тұратын үй «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында бой көтерген.
Кілт табыстау рәсіміне Ақтау қаласының әкімі Н.Қилыбай қатысып, баспаналы болған азаматтарды қоныс тоймен құттықтады.
«Қаламызда мемлекет қолдауының нәтижесінде баспаналы болып, қоныс тойын тойлайтындар саны артып келеді.
Осы жазда «Акку-3» тұрғын үй кешенінен 443 пәтер табысталып, қуаныштың куәсі болдық. Бүгін міне жалпы ауданы 10150 шаршы метр болатын жаңа тұрғын үйді пайдалануға берудеміз. Мерекемен тұспа-тұс келген қоныс тойларыңыз құтты болсын. Шаңырақтарыңыз шаттыққа толы болып, береке-бірлігіміз арта берсін», - деді қала басшысы.
Шараға жиналғандар толық емес отбасы Медина Алагөзованың жаңа шаңырағында болып, дәм татты. Жаңа қоныстың алғашқы қонағы болған ауыл ақсақалдары бата берді.
Келер жылы 19А және 18 шағынаудандардан көппәтерлі 9 тұрғын үй пайдалануға беру жоспарлануда.
Осылайша өңірде қоныс тойын тойлаушылар саны артпақ.
#Qazaqstan30
АҚТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
Пікір қалдыру