Тоқаев Жамбылда жарылыстан қайтыс болғандарды марапаттады

/image/2021/08/29/crop-54_12_429x573_69725be9-f704-4124-9308-80d2b5f77271.jpeg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысындағы жарылыста қаза тапқан әскери қызметкерлерді І және ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапаттады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

Қапезов Арман Қуанышұлы – Бас әскери прокуратураның Оңтүстік аймақ әскери прокуроры.

Микропуло Александр Николаевич – Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі өрт сөндіру кезекші қызметінің жедел кезекшісі (өрт сөндіру жетекшісінің орынбасары).

ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен:

Дәлібаев Оразбек Дайраұлы – Қорғаныс министрлігі № 28349 әскери бөлімі ведомстволық күзет командасының атқышы.

Жанболатов Руслан Жүрсінбайұлы – Қорғаныс министрлігі № 28349 әскери бөлімі өртке қарсы қорғаныс және құтқару жұмыстары әскери командасының маманы (өрт сөндірушісі).

Мешінбай Марат Сайлауұлы – Қорғаныс министрлігі № 28349 әскери бөлімі өртке қарсы қорғаныс және құтқару жұмыстары әскери командасының маманы (механик-жүргізушісі).

Нәдірбеков Еркін Ерікбайұлы – Қорғаныс министрлігі № 28349 әскери бөлімі өртке қарсы қорғаныс және құтқару жұмыстары әскери командасының бөлімше бастығы (команда бастығы).

Сандыбаев Елдос Қадырбайұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 3 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы

Темірболатов Арнұр Серікұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 3 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы.

Төребеков Тәңірберген Құдайбергенұлы - Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы.

Қазақстанға сіңірген аса үздік еңбегі, қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары Мейіржан Қақпасынұлы Аймановқа "Халық қаһарманы" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі - Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылды.

26 тамыз күні кешкі сағат 19.00 шамасында Жамбыл облысының Байзақ ауданындағыоқ-дәрі қоймасынан өрт шығып, жойқын жарылыс болған еді.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар