Токиодағы паралимпиада ойындарында Қазақстан дзюдошылары кезекті жүлдеге ие болды, деп хабарлады Olympic.kz сайты.
Әйелдер арасында 70 келіден жоғары салмақта сынға түскен Зарина Байбатина паралимпиаданың күміс медалін иеленді. Финалда ол әзербайжандық Дурсадаф Каримовадан ұтылды.
Токио татамиінде Зарина Моңғолия және Италия балуандарын жеңген болатын.
Бұл - Заринаның алғашқы паралимпиадасы.
Пікір қалдыру