"Жарылыс болмайды, ерунда". Жамбылдағы жарылыстан аман қалған өрт сөндіруші оқиғаны баяндады

/image/2021/08/30/crop-15_-1_551x734_0802d58d-aca6-4675-a3d1-ae066e6383ba.jpeg

Жамбыл облысындағы жарылыстан аман қалған Алмаз есімді өрт сөндіруші оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Бұл туралы журналист Ирина Советжанқызы әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады.

– Полковник жарылмайды деді де, өзі шегіне бастады. Жарылатын зат жоқ деп басшыларымызға айтты. Олар да алданып қалған сияқты, – деді өрт сөндіуші.

Оның айтуынша, жарылыстан кейін оның екі көзі көрмей қалған. Кейін оны қасында жүрген басшысы белінен сүйреп, бетон артына апарған.

– Жарылыс болар кезде біз тура базаның алдында тұрдық. Біздің басшымыз жоғарыдан бұйрық алып, камазға жүгіріп келді. Сол кезде жарылыс болды да, көліктің есігін жұлып әкетті. Біз жан-жаққа ұшып кеттік. Көзімді ашсам, қап-қараңғы. Ештеңе көрінбейді. Қолдарым сынып қалған. Басшым менен көзің көре ме деп сұрады. Мен ештеңе көрінбейтінін айттым. Кейін ол мені белімнен сүйреп, цемент артына алып келді. Бәріміз бүркеніп жатып қалдық. Кейін олардан адасып қалдым. Қасымда өтіп бара жатқан адамдардан көмек сұрадым. Ал жарылыс болардан бұрын әскерилердің кейін шегініп бара жатқанын байқадым. Санаулы әскери адам ғана жүрді. Қалғандары колонна болып шығып бара жатты. Мен бойы ұзын бір полковниктен жарылыс бола ма деп сұрадым. Ол "Жарылыс болмайды, ерунда" деді. Бірақ өзі шегініп бара жатты. Біраздан соң біздің бастығымыз да бірнәрсе сезгендей, жайлап артқа шегінейік деді. "Абайлайықшы, жігіттер" деді. Қазір қасымда болғандар қайтыс болған. Ол жерде қаза тапқандардың көбісі өрт сөндірушілер" – деп айтты өрт сөндіруші Алмаз.

26 тамыз күні Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шыққан. Өрт салдарынан қоймадағы оқ-дәрі жарылып, салдарынан 15 адам қаза тапқан. Олардың арасында өрт сөндірушілер, төтенше жағдай министрлігінің, әскери бөлімнің, әскери күзет пен әскери прокуратураның қызметкерлері бар. Әскери бөлімнен жарты шақырым жердегі Қайнар ауылындағы үйлер бүлінген.

 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от Ирина Советжанқызы (@irina_31tv)

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар