Жамбыл облысындағы жарылыстан аман қалған өрт сөндірушілердің бірі сол күнгі оқиғаны баяндап берді. Бұл туралы журналист Ирина Советжанқызы Instagram парақшасында жариялады.
Байзақ ауданы, 8-өрт сөндіру қызметінің қарауыл бастығы Асыл Мұхамеджанов бірнеше өрт сөндірушіні құтқарған азамат.
Ол оқиға орнына өрт сөндірушілерден ең бірінші болып барғанын айтады. Сол жердегі жүрген әскерлерден не өртеніп жатқанын сұрағанында ол жерде жарылатын зат жоқ екенін мәдімдеген.
– Айналаның бәрі қара түтін болып жатты. Бара сала барлау жасаймыз, старшина кім деп сұрап, жарылатын зат бар ма деп сұрағанымда "жоқ" деп жауап берді. Алғашқы дауыстар шыға бастағанда, тағы сұрадым. Тағы да "жоқ" деген жауап алдым. Тоқтаусыз су келсе де, ол өртті өшіре алмас едік. Жарылғыш зат бар жерге бізді жақындатпауы керек еді, – дейді өрт сөндіруші.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
26 тамыз күні Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шыққан. Өрт салдарынан қоймадағы оқ-дәрі жарылып, салдарынан 15 адам қаза тапқан. Олардың арасында өрт сөндірушілер, төтенше жағдай министрлігінің, әскери бөлімнің, әскери күзет пен әскери прокуратураның қызметкерлері бар. Әскери бөлімнен жарты шақырым жердегі Қайнар ауылындағы үйлер бүлінген.
Пікір қалдыру