Шымкент әкімі №120 мектептің жаңа оқу жылына дайындығын тексерді

/image/2021/08/31/crop-129_75_803x1071_090833891100.jpg

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Тоғыс тұрғын алабында орналасқан №120 жалпы орта мектептің жаңа оқу жылына дайындығын тексерді.

Мектеп жанынан салынған қосымша 300 орындық оқу корпусының құрылысы аяқталып, бүгінде мұнда абаттандыру тазалау жұмыстары жүріп жатыр.

Бұған дейін аталған мектептің 926 орынға арналған ғимаратында даярлық тобын қоса алғанда 2116 бала білім алып келген. 300 орындық қосымша оқу корпусы бұл мәселені толығымен шешіп отыр.

Қала әкімі оқушылар арасында коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін мектептің санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды.

Мектеп директоры сабақ барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып ұйымдастырылатынын және ұйым дезинфекциялық құралдармен қамтылғанын айтты.

Жаңа қосымша ғимаратта балалардың білім алуына және спортпен шұғылдануына барлық жағдай жасалған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар