Ермекбаевтың орнына жаңа қорғаныс министрі тағайындалды

/image/2021/08/31/crop-9_21_1261x1681_faa99e6f9e665937b95e6f6e3bf9ab88_original.344438.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Мұрат Кәрібайұлы Бектанов Қазақстаның Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook парақшасында хабарлады.

Бұған дейін М.Бектанов Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы қызметін атқарған.

Бектанов Мұрат Кәрібайұлы 1965 жылы 18 қыркүйекте Солтүстік қазақстан облысы Соколовка ауылында дүниеге келген. 1988 жылы Киевтік жоғары қарулы қолбасшылық училищесін бітірген.

1989-1990 жылдары – мотоатқыштар взводының командирі, десанттық-шабуылдау взводының командирі.

1990-1993 жылдары десанттық-шабуылдау батальонының барлау бастығы болған.

2000 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери академиясын бітірген. 2000-2001 жылдары – топ бастығы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының жедел жоспарлау бөлімінің аға офицері.

Бұған дейін аталған қызметті Нұрлан Ермекбаев атқарған. Ол Жамбыл облысындағы жарылыс болғанын естіген алғашқы сәтте отставкаға кету туралы ойлағанын, отставка туралы арыз жазатынын мәлімдеген.

26 тамыз күні Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19:00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шыққан. Өрт салдарынан қоймадағы оқ-дәрі жарылып, салдарынан 15 адам қаза тапқан. Олардың арасында өрт сөндірушілер, төтенше жағдай министрлігінің, әскери бөлімнің, әскери күзет пен әскери прокуратураның қызметкерлері бар. Әскери бөлімнен жарты шақырым жердегі Қайнар ауылындағы үйлер бүлінген.

Жарылыстан қаза тапқандардың толық аты-жөні төмендегідей:

Ефрейтор Р.С.Жанболатов – 40 жаста

Сержант М.С.Мершімбай – 40 жаста

Старшина Е.Е.Нәдірбеков – 41 жаста

Азаматтық қызметкер О.Д.Дәлібаев – 59 жаста

Оңтүстік өңірдің әскери прокуроры А.Қ.Қапезов – 44 жаста

Сержант-өрт сөндіруші А.С.Темірболатов – 28 жаста

Полковник М.К.Айманов – 45 жаста

Подполковник А.Н.Микропуло – 50 жаста

Сержант, аға өрт құтқарушысы Е.Қ.Сандыбаев – 30 жаста

Сержант, аға өрт құтқарушысы Т.Қ.Төребеков – 40 жаста

Майор С.Ж.Әлімбеков – 36 жаста

Майор, қарауыл басшысы С.В.Заикин – 41 жаста

Аға сержант, жүргізуші Г.Ж.Қуатбек – 26 жаста

Кіші сержант, өрт құтқарушысы Ә.Қ.Әділбек – 25 жаста

Қатардағы өрт сөндіруші Ә.Б.Кеңес – 22 жаста

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар