“Барахолка” тағы да шудың ошағына айналды

/uploads/thumbnail/20170708194823081_small.jpg

 “Барахолка” базарынан тағы да шу шықты.  Қазақстанға, тіпті, орталық Азияға танымал, алтын-күміс зергерлік бұйымдарын саудалайтын базардың сатушылары бас көтерді.Олай етпеске шара қалмаған.  Бұл туралы «Қамшы» порталы 31 арнаға сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Оқиға былай өрбиді. Барахолканың  “Алтын қатары” Солтүстік айналма жолының бойындағы өртенбеген бірнеше базардың бірі. Бірақ, өрт қауіпсіздігі сақталмаған екен. Осыған орай төтенше жағдайлар қызметкерлері ескерту жасап, базар басшыларын жауапқа тартқан. Ескертуден кейін, кемшіліктер түзетіліп, жағдайды реттелсе керек.  Бірақ кеше, яғни 25 қыркүйекте жұмысқа келген саудагерлерді сот орындаушылары күтіп тұрды.

“Базар жабылады деп ескерткен жоқ. Таңертең жұмысқа келдік. Шығыңдар деп қуалап мал сияқты шығарып жіберді. Ешкім ескерткен жоқ. Базардың арендасын, салығын төлеп отырмыз. Аренданы үш-ақ күн болды жиналғанына. Ешқандай хабар айтылған жоқ”, – дейді  саудагер Жүсіп Суанов.

Бір топ саудагер базар басшылары туралы тек жақсы пікір білдіруде. Жауапқа тартылған “Алтын қатардың” әкімшілігі базарды жабу негізсіз дейді. Айтуларынша, сауда орны барлық талапқа сай. Алтын-күмістерін жиып, базар сыртына топтасқан сатушылар бірнеше айдан бері заң орындарынан бақылау күшейтілгенін айтады. Ал соттың шешімін орындауға келген тұлғалар базарды жабу туралы алдын-ала ескертілді дейді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар