Шымкенттің шенеуніктері ит пен мысықты жерлейтін орынды заңдастырмақ

/uploads/thumbnail/20170708194823743_small.jpg

Шымкенттегі атқа мінерлер ит пен мысықты жерлеуге арналған моланы заңдастырмақшы. Бұл туралы «Қамшы» порталы КТК арнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды. Осыдан 9 жыл бұрын алғаш  рет төртаяқты  жерге «арулап» көміліп, бүгінгі таңда  тұтастай қорымға айналған аймақ бар. Ол жерге жануарларын жерлеу рәсімімен көметіндер жыл өткен сайын артып келеді.

Шымкенттің  сыртындағы адамдар зиратымен қатарлас орналасқан хайуанаттар қорымында қазір 100-ге тарта жануар көмілген екен .

 Ол  бейітте ит пен мысық, тіпті атжалман мен егеуқұйрықтың мүрделері жатыр. Хайуандарды ана дүниеге салтанатпен шығарып салу, олардың басына ескерткіш қою біз үшін жетістік пе әлде кері кетушілік пе? Бір күні ит пен мысығының жаназасын шығарту үшін имам іздеп жүрген қазақты кезіктірмесек болғаны. Имам іздегенді қайдам, бірақ Шымкент қаласы тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары Ерлан Есіркепов : “Қазір жануарларға арналған моланың құжаттары жоқ. Бірақ, біз заңдастыру мәселесін қарап жатырмыз. Мүмкін келесі жылы жануарларға арналған қорымды рәсімдеп те береміз деп ойлаймын”,-деп түсініктеме беріпті.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар