Мекке маңында қаза тапқандардың саны 2 мыңға жетті. Бұл туралы «Қамшы» порталы РИА Новости сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды. Ирандықтардың қажылық сапарын ұйымдастыру ұйымының жетекшісі Саид Охади Сауд Арабиясындағы дереккөздерге сілтеме жасай отырып, Press TV телеарнасына осы туралы хабар таратқан. Сонымен қатар, Иранның бас мүфтиі Әли Хаменей қайғылы оқиғаға Сауд Арабиясының билігінің "салақтығы" мен "қате әрекеттері" себеп болғанын ашық мәлімдеді.
Сауд Арабиясының ресми мәліметтерінде 717 адам қаза тауып, кем дегенде 863 адам жарақат алды деп ақпарат тараған еді. Өз кезегінде Иранның Жоғарғы лидерінің өкілі Ходжатолеслам Сейед Әли Гази-Аскар Мекке маңында адамдардың қысылуынан Ираннан барған 365 адамның із-түссіз жоғалғанын мәлімдеп отыр. Бұған дейін ол Ираннан барған 131 мұсылманның қаза болғанын хабарлаған еді. Иран билігі төтенше жағдайдан қаза болғандарды еске алу үшін төрт күнге қаралы күн жариялады.
«Қамшы» сілтейді
Пікір қалдыру