Үкімет банктерге көмектеспеуі керек. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған жолдау барысында мәлімдеді.
– Стресті активтер деңгейін төмендету бойынша жұмыстың маңызы зор. Біз мемлекет банкирлерге көмектеспеуі керек деген шешім қабылдадық. Сонымен бірге, мұздатылған активтерді экономикалық айналымға қайтару қажет. Бірақ тек нарықтық негізде. Ол үшін заңнамалық база қажет. үкімет қаржы реттеу жөніндегі агенттікпен бірлесіп, жыл соңына дейін заң жобасын парламентке енгізуі керек.
Сонымен қатар президент экономикалық ахуалдың әлі де күрделі екенін айтып, бизнестің жол картасы, қарапайым заттар экономикасы бағдарламалары мерзімін 2022 жылға дейін жалғастыру туралы шешім қабылдағанын жеткізді. Бұл мақсат 1 трлн теңге қарды бөлінбек.
Пікір қалдыру