Алматы қаласы Наурызбай ауданында төрт жолақты жол ашылды. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің instagram парақшасында хабарлады.
"Жолды жақсарту бойынша ауқымды жұмыс жалғасуда – жаңа жол салып, бар жолды жөндеп, ұзартудамыз. Жақында Алатау көшесінің Сәбденов көшесінен Райымбек даңғылына дейінгі 2 шақырымдық учаскесі ашылды. Төрт жолақты жол Наурызбай ауданының әкімшілік орталығын қаланың ірі магистралімен байланыстырды. Абай даңғылын тесу аяқталған соң қала орталығымен көлік қатынасы едәуір жақсарады. "Жаңа Алматыны" дамытудың кешенді жоспары аясында Алатау, Түрксіб пен Наурызбай аудандарына қарасты сегіз ықш.-дағы 415 көшеде 108 шақырым жол салынуда. 153 мыңнан астам тұрғынның мобильділігі мен жайлылығы артады. Сондай-ақ биыл Медеу ауданындағы Думан ықш.-ның 59 көшесінде, яғни 30,5 км жолдың күрделі жөндеу жұмысы аяқталады" делінген әкім жазбасында.
Пікір қалдыру