ЕАЭО елдерінде азық-түлік бағасы 15,4 пайызға артқан

/uploads/thumbnail/20170708194827803_small.jpg

ЕАЭО аясындағы мемлекеттерде азық-түлік және тауар бағасы былтырғы жылмен салыстырғанда 15,4 пайызға өскен. Бұл туралы «Қамшы» порталы matritca.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның статистика департаменті мәлімдеген.

Айта кетейік, ЕАЭО елдері ішінде ең жоғарғы азық-түлік бағасы Ресей Федерациясында тіркелген. Мұнда, күнделікті тұтынатын тауарлар бағасы 18,1%-ға қымбаттаған.  Сондай-ақ, Белорусияда 8,4%-дық өсім байқалса, Қазақстанда былтырғы жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 3,5%-ға артқан. Ал, Армения мен Қырғызстанда тиісінше 2,9% және 2,5%-ға өскен.

Сонымен қатар, ЕАЭО елдерінде жылжымайтын мүлік бағасы – 13,1%-ға өскен. Ал қызмет түрлері – 13,2%-ды құрап отыр.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар