Бүгін ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов ТМД мемлекеттері қарулы күштерінің әскери атыс түрлері бойынша «Әскери ынтымақтастық - 2015» оқу-жаттығулары өтіп жатқан Сарышаған сынақ алаңына барды. Бұл туралы «Қамшы» порталы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Total.kz –тің ақпараттарына сүйенсек, «Әскери ынтымақтастық - 2015» оқу-жаттығулары кезінде ҚР Қарулы күштері әуе шабуылына қарсы зениттік зымыран кешендерінен есептік оқ ату машықтарын көрсеткен. Соның ішінде, С-75, С-125, С-300, кешендері жерден әуедегі нысанды жою тапсырмаларын сәтті орындаса, Су-27, Су-25, МиГ-29, МиГ-27, МиГ-31әскери ұшақтары әуеден шабуыл жасау әдістерінен шеберлік көрсеткен.
Айта кетейік, біріккен оқу-жаттығу жұмыстарына 1200-ден астам әскери қызметкер, 48 бірлік әуе-әскери техникаларымен, 6 зениттік зымыран кешендері және 15 радиолокациялық станса жұмылдырылған.
Пікір қалдыру