Коронавирус. Тағы 117 адам қайтыс болды

/image/2021/09/03/crop-271_6_479x639_2020-07-20_12-11-24.png

Денсаулық сақтау министрлігі 2 қыркүйектегі эпидемиологиялық жағдайды мәлімдеді.

Министрік мәліметінше, Қазақстанда өткен тәулікте ПТР арқылы 4930 адамнан коронавирус, 358 адамнан пневмония анықталған. 1 шыркүйектегі 96 адам коронавирустан, 21 науқас пневмониядан көз жұмған.

Ел бойынша коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен жағдайлардың жалпы саны 803 601-ге жетті. Коронавирус белгілері бар пневмониямен ауырғандардың ресми саны – 70 608.

3 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 99 675 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 21 714 пациент стационарда, 77 961 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

1547 адамның жағдайы ауыр, 481 пациенттің жағдайы өте ауыр, 255 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Үшінші қыркүйектегі жағдай бойынша коронавирустың таралуы бойынша "жасыл" аймақта Түркістан облысы тұр.

"Сары" аймақта Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстары бар.

Ал "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары бар.

3 қыркүйектегі мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 6 748 762 адам, 2-компонентін 5 559 692 адам салдырған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар