Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қалада ертеңнен бастап карантин шаралары жеңілдейтінін мәлімдеді.
Қаулыға сәйкес, "қызыл" аймақта орналасқан мегаполисте 4 қыркүйектен бастап демалыс күндері "Ashyq" жобасына қатысушы нысандар 00:00-ге дейін, "Ashyq" көшбасшылары 02:00-ге дейін жұмыс істей алады.
Ал 6 қыркүйектен бастап "Ashyq" жобасына қатысушалардың жұмыс күндері қызмет көрсету уақыты 22:00-ден 00:00-ге дейін ұзартылады.
"Ashyq" көшбасшыларына түнгі сағат 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді.
Бірақ қонақүй, әуежай, вокзал, білім беру нысандары және т.б. мекемелердің қызметкерлері мен келушілерінің статусы "жасыл" болу керек.
Пікір қалдыру