Тəуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Шұғыла қоры бастап, Дария Дамыту орталығы ұйымдастырып, демеушілердің қолдауымен жүзеге асқан "Тұлға болам" кітап оқу сайысының нәтижесі шығарылып, жеңімпаздары марапатталды.
Сайысқа қатысушылар 1-3 сынып, 4-7 сынып, 8-11 сынып оқушылары және ересектер болып 4 топқа бөлінді. Əр топқа жеке тапсырма ретінде бөлек кітап берілген. Әр топтың жүолдесі де бөлек болды.
Оқылатын кітаптар ретінде қазақ классиктері мен әлем классиктерінің туындылары берілді. Қатысушылар 3 кезенде 3 кітап оқуға тиіс болды. Әр кезеңнін соңында кітап бойынша онлайн тест алынды.
Ұйымдастырушылар сайыс арқылы жастарды кітап оқуға құлшындыру, жалпы елде кітап оқу дағдысын жандандыруды көздеген.
Сайысқа барлығы 50 мың қатысушы тіркелген.
Әр кезең бойынша әр топтан алғашқы болған 50 адам 5000 теңгеге ие болады.
1-3 сынып тобында 1-3 орын алғандарға iPad, 4-10 орын алғандарға велосипед берілді.
4-7 сынып тобында 1-3 орын алғандарға MacBook, 4-7 орын иеленгендерге велосипед табысталды.
8-11 сынып тобында 1-3 орын иеленгендер Стамбулға саяхат жасаса. 4-10 орын алған қатысушылар Apple Watch алды.
Ересектер тобында 1-орын иегеріне 2 адамға шет елге саяхат берілсе, 2-орынға 500 000 теңге, 3-орынға 300 000 теңге қаржылай сыйлық үлестірілді. 4-10 орын аралығындағыларға ноутбук табыс етілді.
Жүлдегерлер тізімі төмендегідей:
1-3 сынып тобы: 1-орын – Табыс Алихан, 2-орын – Аслан Мадияр, 3-орын – Шынарбек Нұрсұлтан.
4-7 сынып тобы: 1-орын – Қази Ақнұр, 2-орын – Ерлан Кәусар, 3-орын – Шынарбек Ерсұлтан.
8-11 сынып тобы: 1-орын – Бегалы Елдос, 2-орын – Шынарбек Жанар, 3-орын – Елетай Расул.
Ересек: 1-орын – Қашубай Амангелді, 2-орын – Атанбекова Арайлым, 3-орын – Малика Кеңесова.
Пікір қалдыру