БЕЙНЕУ АУДАНЫНДА УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ПУНКТІ АШЫЛДЫ

/image/2021/09/06/crop-11_14_1190x948_063448801900.jpg

Мемлекет басшысының "жұртқа жақын полиция" қағидатындағы учаскелік полиция инспекторларына жүктелетін міндет – тұрғындарға жақындай түсу, олар үшін қолжетімді болу, азаматтардың құқықтарын қорғай білу.

ҚР Ішкі істер министрінің бірқатар тапсырмаларын орындау мақсатында, биыл ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Бейнеу ауылында аудандық полиция бөлімінің №5 учаскелік полиция пункті ашылды. Police

Бұл шараға Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Ақшауов Болатбек Ысқақұлы, аудан әкімі Әбілов Бейнеубек Көңілімқосұлы, аудандық мәслихат хатшысы Мансуров Қуан Орынбасарұлы, "Nur Otan" партиясы Бейнеу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жолышов Тұралы Ботақараұлы, аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Жұмағали Бөкен Бегерұлы, аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Божанов Ынтымақ Демократұлы қатысты.Police

Учаскелік пункт "Nur Otan" партиясының сайлау алды бағдарламасының жол картасы негізінде ашылып отыр. Police

Сонымен қатар бұл жерде қызмет ететін учаскелік полиция инспекторына жаңа қызметтік көлік пен тұрғын жай пәтерінің кілті табыс етілді. Police

Шара соңында учаскелік пункт ауласына ағаштар отырғызылды. PolicePolice

 

БЕЙНЕУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар