Соғысты бақылаушылардың болжамы бойынша, Байден "мәңгілік соғыс" деп атаған және АҚШ қатысқан соғыстардың соңғы жиырма жылында Вашингтонның Таяу Шығыс пен Африканың бірқатар елдеріне жасаған әуе шабуылынан кем дегенде 22 мың бейбіт тұрғын қаза тапқан.
Америкадағы Дүниежүзілік сауда орталығы мен Пентагонға жасалған 11 қыркүйек шабуылының 20 жылдығы қарсаңында, Лондонда орналасқан "Airwars" ұйымы бейбіт тұрғындардың өлімі туралы болжамды жариялады. Олардың есебі бойынша, бұл шамамен 50 мыңға жетуі мүмкін.
Нью-Йорк пен Вашингтондағы шабуылдардан кейін АҚШ бастаған "террорға қарсы соғыстан" соң 2001 жылдан бері 22 679 бейбіт тұрғын, көп дегенде 48 308 адам құрбан болған, деп хабарлады "Airwars".
Пікір қалдыру